«СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Дене тәрбиесі және АӘТД пәндері бiрлестiгiнiң апталығы аясында өткізілген студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және колледж құрамасына спорт түрлерінен жеңімпаздар іріктеу мақсатында дәстүрлі «Спорт-денсаулық кепілі» атты колледжішілік ХIX спартакиада болып өтті. Шараны колледж директорының м.а. Р.Ізтiлеу ашып, спартакиадаға қатысқан 13 топтың студенттеріне жарыста сәттілік тіледі. Кеш қонағы Қазалы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің жеңіл атлетикадан бапкері, колледж ардагері М.Қарабалаев студенттерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырды.








