ҚКТЖК » Жаңалықтар » Библиомарафон

Библиомарафон

Қазалы көлік техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға құштар колледж» іс-шаралар жоспарына сәйкес «Библиомарафон» зияткерлік ойыны өтті. Негізгі мақсаты: білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,әдеби шығармалар арқылы дүниетанымын кеңейту;жылдам ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту; зияткерлік бәсеке арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін шыңдау.
Ойынға колледж студенттері  қатысып үздік нәтижелер көрсеттіп, білімдерін шыңдады.Сайыс 5 кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Қазақ ғалымдары», «Ойлан тап!», «Сөз маржаны», «Жылдам сұрақтар».
Нәтижесінде ДОБ-25/9- Дабыл, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электромонтер тобының  студенттері «Зияткерлер командасы» бас жүлдеге ие болды, қалған топтар «Ең тапқыр команда», «Белсенді қатысушы» номинациялары бойынша марапатталды.


29 қыркүйек 2025 ж. 0