Алғыс лентасы Өз бойынан мол ізгілік тараған....
«2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
қызметкерлері күні» болып жарияланды. Кәсіби мерекені 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Нұралы Серік Ержанұлына атаулы мереке қарсаңында колледж ұжымы алғыс білдіреді.
Серік Ержанұлы Алматы құрылыс техникумының Үйлерді техникалық пайдалану факультетіне түсіп,1986 жылы аталған техникумды ойдағыдай аяқтап, 2002-2006 Яссауи қазақ -түрік халықаралық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын бойынша бітірген.Серік Ержанұлы еңбек жолын 1988-1989 ж.ж. Қазалы ХРСУ мекемесінен жұмысшы болып бастап,1989 жылдың қыркүйегінде қазіргі уақытқа дейін Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жұмыс жасап келеді.
Еңбек сатысы:
1989-2004ж.ж. -Арнаулы пән оқытушысы, өндірістік оқу шебері;
2004-2005ж.ж. -Директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары;
2005-2007ж.ж. -Колледж педагог-психологі;
2007-2009ж.ж. -Колледж әдіскері;
2009-2010ж.ж. -Аға шебер;
2010 жылдан осы кезге дейін директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері:
2001жылы- Облыстық үздік топ жетекшісі-2001; 2-орын;
2002 жылы- Облыстық үздік арнаулы пән оқытушысы-2002;3-орын;
2001-2002ж.ж. -Темір жол мамандықтарының стандарттарын жазуға атсалысқан.
2006 ж- Щучинск қаласында өткен конференцияға қатысып, ГОСО авторы
2014ж- Германия мемлекетіне іс-тәжірибе алмасты.
Марапаттары:
- Облыс,аудан әкімінің АЛҒЫСЫ;
- Облыстық білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ;
- Ғылым және білім министрінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ.
Қазіргі заманғы талабына кәсіптік деңгейіңіз де, мамандық шеберлігіңіз де сай болғандықтан, оқу орнын өз қызметіңіз бойынша абыроймен атқарып келесіз. Тынымсыз еңбек етіп, нақты істер атқарып жүрген өзіңіздей білікті мамандарымыздың қатары көбейе берсін дей отырып, осы айтулы сәтте Сізге ақ көңілден ақтарылған ізгі ниетімізді жолдаймыз. Таусылмас төзім мен сарқылмас сезімді серік етіп, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыз ортасында баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
Ізгі ниетпен: Колледж ұжымы








