ҚКТЖК » Жаңалықтар » Ұстаз- ұлағатты есім.

Ұстаз- ұлағатты есім.

«2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» болып жарияланды. Кәсіби мерекені  23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің Еңбек жолында қажырлы қызмет атқарып, қазірге кезде зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстазымыз Жакипова Марзия Абдрашқызын атаулы мереке қарсаңында колледж ұжымы алғыс білдіреді. Марзия Абдрашқызы
1963 жылы  10 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл станциясында дүниеге келдім. 1979-1983 жылдары. Қызылорда теміржол транспорты техникумы. «Тепловоз шаруашылығы» Техник-механик
1985-1991 жылдары Алматы теміржол транспорты инженерлері институты, «Вагон және вагон жасау шаруашылығы» Инженер-механик.Еңбек жолын 1983 жылы ГПТУ  жұмысқа қабылданды,  1987 жылдан- 1993 аралығында Оқу- өндірістік комбинатта арнайы пән оқытушысы, 1993- 2000 жыл аралығында Қожабақы 25 мектепте орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметін атқарған. 2000 жылдан  бастап Қазалы көлік - техникалық жоғары колледжі «Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылық қызметіне жұмысқа орналасты, Тепловоз машинистінің көмекшісі топтарына арнайы пән оқытушысы, топ жетекшісі және осы мамандықтың бірлестік жетекшісі   қызметін  атқарады. Марзия Абдрашқызы «Тепловоз машинистінің көмекшісі» біліктілігі бойынша 2018 жылы  «ТЭ33А тепловозының құрылысы» көмекші оқу құралы
2018 жылы « Поездық практика» тепловоз машинистері мен көмекшілеріне және осы мамандық бойынша өндірістік оқу шеберлеріне арналған әдістемелік  оқу құралы.2018  жылы РНМЦ орталығына тест тапсырмаларын дайындап, қолданысқа жіберілді.2020 жылы «КМ06.Механикалық жабдықтарын жөндеу» оқу-әдістемелік құралы. 2019 жылы «Вагонның жүріс бөлігі» оқу құралы.2020 жылы «Сығымдағыштар» «Кәсіпқор Холдинг»  сайтында жарияланған бейне сабақ. 2020 жылы «Тепловозды қабылдау және тапсыру»  бейне сабақ 2021 жылы Шәкірті Г.Шиповских  ҚР Парламент Сенатының  депутаты мен бірлесіп «ТЭМ2 сериялы тепловоздың майлау жүйесі» бейне сабағын дайындады. Марзия Абдрашқызы 2017 жыл Құрмет грамотасы- ҚР Білім және ғылым министрі  Диплом  Үздік арнаулы пән оқытушысы 2016» Облыстық арнаулы пән оқытушыларының байқауы        
2018жылы Алғыс- Қазалы ауданының әкімі. 2018ж Алғыс хат- Түрксіб Республикалық олимпиадасының  жүлдегерлерін дайындағаны үшін
2019ж Алғыс хат - Қызылорда облыстық білім басқарма басшының орынбасары. 2019жылы Құрмет грамотасы- «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» Қызылорда облыстық  педагог қызметкелердің біліктілігін арттыру институты директоры
2020 жылы Құрмет грамотасы –Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрайымы.
2021жылы Алғыс- «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2021-2022 оқу жылы Алғыс хат- Түрксіб  Республикалық олимпиадасының  жеңімпазын дайындағаны үшін
2022 жыл Коледж директорының «Үздік арнайы пән оқытушысы-2022» номинациясы. 2023 жылы  Алғыс хат - Қызылорда облысының әкімінің марапаттарын алған.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Еңбек жолында қажырлы қызмет атқарып, қазірге кезде зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарымызға шын пейілмен алғыс айта отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық,әр істеріңізге сəттілік тілейміз.

29 қыркүйек 2025 ж. 0