ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде инженер-педагогтар арасында отбасы құндылығы, зорлық-зомбылық пен алкоголизм, нашақорлықтың алдын алу, қоғамға жат қылықтар, заң және тәртіп қағидаты аясында «Заң және тәртіп» тақырыбымен түсіндірме сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және отбасындағы жауапкершілікті күшейту болып табылады. Шара барысында Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Қанатбекұлы мен Қазалы ауданы полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева отбасы құндылығы, зорлық-зомбылық пен алкоголизм, нашақорлықтың алдын алу, қоғамға жат қылықтар, заң және тәртіп қағидаты аясында кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, ұстаздар қауымы көтерілген тақырыптар бойынша өз пікірлерін білдіріп, мамандардан қойылған сұрақтарына толық жауап алды.    


29 қыркүйек 2025 ж. 1