ҚКТЖК » Жаңалықтар » Алғыс лентасы Ұстаз – жол көрсетуші, шебер – іс үйретуші

Алғыс лентасы Ұстаз – жол көрсетуші, шебер – іс үйретуші

«2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
қызметкерлері күні» болып жарияланды. Кәсіби мерекені  23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің  өндірістік оқыту шебері Танабергенова Жақсыгүл Рашқызына атаулы мереке қарсаңында колледж ұжымы алғыс білдіреді. 
Жақсыгүл Рашқызы 1980 жылы Қызылорда қаласындағы Теміржол транспорты техникумына оқуға түсіп, 1984 жылы техник-путеец мамандығын бітірген. 
Жақсыгүл Рашқызы 1984 жылы СПТУ-5 ке өндірістік оқу шебері болып, 1995-2007 жылдар аралығында осы мекемеде шаруашылық меңгерушісі қызметін атқарып, 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде өндірістік оқыту шебері болып  еңбек етіп келеді. 
Шәкірттеріне мейірім шуағын төгіп, шыншылдығымен өнеге бере білген жаны жомарт, пейілі дархан ұстазымыз, ел ішінде мыңдаған балаға білім беріп, тағылымын көрсетіп келе жатқан
Жақсыгүл Рашқызы барлық құрметке лайық!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге өндірістік оқыту барысында көрсеткен шеберлігіңіз, кәсіби бағыт-бағдарыңыз және шыдамдылығыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз жана берсін, шәкірттеріңіз көп болсын! 
Ізгі ниетпен: Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж ұжымы!
30 қыркүйек 2025 ж. 0