ҚКТЖК » Жаңалықтар » «АЛҒЫС ЛЕНТАСЫ» БАСТАУШЫ БОЛСА, ҚОШТАУШЫ ТАБЫЛАДЫ.

«АЛҒЫС ЛЕНТАСЫ» БАСТАУШЫ БОЛСА, ҚОШТАУШЫ ТАБЫЛАДЫ.

«2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» болып жарияланды. Кәсіби мерекені  23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры Ізтілеу Рахметулла Жәдігерұлын төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Теміржолшылар отбасында дүниеге келіп, алғашқы оқу орнын Алматы қаласындағы Алматы теміржол инженерлерін даярлайтын институтын тәмәмдаған. Асқақ армандарын жүзеге асыру мақсатымен Әке жолын ұлы жол етіп ұстанып  Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығын оқытушылық қызметінен бастауға арнайы жолдамамен Қазіргі Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжіне 1986 жылы жұмысқа қабылданады. 1986-1991 жылдар аралығында Жастар комитетінің төрағасы, Тепловоз машинистінің көмекшісі тобының арнайы пән оқытушысы, топ жетекшісі, аталған мамандығы бойынша бірлестік жетекшісі қызметін қатар алып жүрген үздік ұстаз атанады. Рахметулла Жәдігерұлын ауданымыздың өркендеуіне үлес қосу мақсатында алғыр ісін алға тартып түрлі басшылық қызметке ұсынылуымен бағытын өзгертеді. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруды  алғашынан жөн көрген Рахметулла Жәдігерұлы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына араға жылдар салып, басшы болып оралады. Темір жол тәртіптің бастамасы деген ұранды ұстаным еткен басшымыз білікті жұмысшы кадрларын даярлаудағы тәртіптің тұтқасын қолға алып, сала қызметкерлерінің статусының мәртебесін жандандыруға үлкен үлесін қосып, Адал азамат-Адал табыс марафонын жүргізіп келеді. Сіз колледж студенттеріне теміржол тәртіп пен табыстың тұтқасы екендігін естеріне салып, жұмысшы мамандығы мәртебесінің биіктігін ұғындырып, студенттердің ата-анасы мен жақсы қарым-қатынас орнатып, оқу орнымыздың басты элементі бала құндылығын ұжым арасында дәріптеп келесіз.  Ұжымда әділдігі мен қарапайым болмысымен көптің көзайымына айналған әділетті басшымызды колледж ұжымы құрметтейді.
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде колледжіміздің  басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған кәсіпорын ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты іні, кішіге қамқор аға, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, әдебі мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады. 
Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!
Ізгі ниетпен: Колледж ұжымы
30 қыркүйек 2025 ж. 1