ҚКТЖК » Жаңалықтар » Алғыс лентасы

Алғыс лентасы

«2 қазан Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 

қызметкерлері күні» болып жарияланды. Кәсіби мерекені  23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің  аға шебері Акниязов  Мухтар Молдабайұлына атаулы мереке қарсаңында колледж ұжымы алғыс білдіреді. Мухтар Молдабайұлы 1993-2006 жылдары №5 кәсіптік мектепте өндірістік оқу шебері болып №31, 42, 50, 61 топтардағы шәкірттерге білім беріп, тәрбиелік қызмет атқарған. 
 2006-2009 жылдары Аға шебер қызметін атқарған, 2009-2011 жылдары директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2011 жылдың 18 қаңтарынан бастап директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2021 жылдан осы уақытқа дейін аға өндірістік оқу шебері қызметін атқарады.
Акниязов Мухтар Молдабайұлы1993 жылдан бастап  колледжде жұмыс жасап келеді. Педагог-сарапшы, аға өндірістік оқу шебері.
2004 жылы Облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен», 2005 жылы «Таңдаулы кәсіби шебер», 2006 жылы «Жыл оқу өндіріс шебері» бағамымен, 2014 жылы «Дуальная система профессионального образования Германии» тақырыбы бойынша Германия мемлекетінде біліктілік курсынынан өткен нағыз техникалық кәсіптік білім беру маманы.
Сала бойынша айрықша жетістіктері 2023 жылы Қызылорда облысы білім басқармасы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген « WORLDSKILLS QYZYLORDA-2023» облыстық чемпионатында «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көрсетіп оқушым Құлшар Аймырза басқарма басшысы М. Шермағанбеттің ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
2023 жылы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық жыл сайынғы байқауында І орын иеленіп, кәсіподақ төрағасының Дипломы және 300 000 (үш жүз мың) теңге Сертификатымен марапатталды.
Мереке қарсаңында Сіз көп жылдан бері техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру   саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттеріңіздің арқасында бүгінде сыйлы қызметкерсіз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!


Ізгі ниетпен: Колледж ұжымы
28 қыркүйек 2025 ж. 4