ҚКТЖК » Жаңалықтар » Шебердің қолы ортақ

Шебердің қолы ортақ

Айқожа Сапар Тұрсынұлы Еңбек жолын 1988-1998 жылдары НГЧ – 2 мекемесінде газ және электрмен пісіруші болып жұмыс істеген. 2000-2005 жылдары №70 мектебінде еңбек пәнінің оқытушысы,  2006 жылдан бастап  №5 кәсіптік лицейде өндірістік оқу шебері болып қызмет атқарып келеді.

Білімі:  Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технология колледжінде « Темір жолдың вагондарына, рефрижераторлы  жылжымалы бөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу » мамандығы бойынша оқып,техник-электромеханик біліктілігін алған. 2015 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетінде оқып, Кәсіптік білім мамандығы бойынша білімін жоғарылатқан.Бүгінде Сапар ағайымыздың мамандығы бойынша жеткен жетістігі жетерлік. Атап айтсақ Ұлттық чемпионаттардың кәсіби шеберлік конкурстарында студенттері жүлделі орындар алған.Іскер шеберіміздің қолынан шыққан бұйымдары еңбек нарығында сұранысқа ие.Халық тұтынатын тауарлардың сан алуан темірден түйген тұрмысқа қажетті түрлі бұйымдар шебердің шығармашылық жұмыстары.Айтулы мереке қарсаңында Сапар ағайымызға өндірістің ұйытқысы айналған маман ретінде жүрек жарды алғысымызды білдіреміз.Шебердің қолы ортаң алаңында көпті таңқалдырған шығармаларыңызды шәкірттеріңіз жалғастыруда.Ұстаздық жолында елеулі еңбегімен еленген өндірістік оқыту шеберін 2-қазан Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің мерекесімен құттықтайды.


Ізгі ниетпен колледж ұжымы

28 қыркүйек 2025 ж. 0