«ЕҢБЕК АЛЛЕЯСЫ» ЖОБАСЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «2 қазан-Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері» кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес І курс студенттерінен құралған ерікті топ «Еңбек аллеясы» жобасы аясында Қазалы аудандық ардагерлер үйіне барып, ғимарат ауласына тазалық жұмыстарын жасады. «Еңбек аллеясы»-экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және өңірді абаттандыруға бағытталған, келер ұрпаққа даналықты жеткізуді бейнелейтін жоба. Шара барысында білім алушылар колледж ардагерлерінің мерекесіне орай барып, арнайы құттықтауларын да жолдады.
#Қызылорда_Білім
#Адалазаматбіртұтастәрбиебағдарламасы
#еңбекаллеясы
#біздіңТжКБ
#нашеТиПО








