«Ахмет Байтұрсынұлы – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Рухани жаңғыру: ұлттық тіл – ұлы құндылықтар бастауы» атты Тілдер бірлестігініңұйымдастыруымен өтіп жатқан апталық аясында 24 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жалдыбаева Гүлмираның жетекшілігімен «Ахмет Байтұрсынұлы – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» әдеби кеш болып өтті.Кеште студенттер қоғам қайраткері, түркітанушы, қазақ әліпбиінің атасы, әдебиет зерттеушісі А.Байтұрсынұлының ғалымдық, ақындық, аудармашылық қырымен танысып, шығармаларын мәнерлеп оқыды.












