Құттықтаймыз
Сіз,техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 30 жылдан астам уақыттан бері шәкірт тәрбиелеп, өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, болашақ мамандарды тәрбиелеп келесіз.
Білім алуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретіп, өмірдің әр түрлі сәттерінде дұрыс шешім қабылдауға бағыттадыңыз.
Сіз сияқты білікті, ізденімпаз, жауапты ұстаздарымыздың арқасында техникалық және кәсіптік білім сапасы артып келеді.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, кәсіби табыс, шәкірттеріңіздің биік жетістіктері мен әріптестеріңіздің құрметін тілейміз!








