ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕЛДІК ЧЕЛЛЕНДЖ-АЛҒЫС ЛЕНТАСЫ»

«ЕЛДІК ЧЕЛЛЕНДЖ-АЛҒЫС ЛЕНТАСЫ»

Ардақты ұстаздар мен техникалық және кәсіптік білім беру саласының майталмандары! Сіздерді 2 қазан-Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

Сіздер елдің ертеңін еңбектеріңізбен өрнектеп, «Ұстаз-ұлы тұлға» деген атқа лайық қызмет етіп келесіздер. Жас ұрпаққа өнер үйретіп, кәсіпке баулып, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген даналықты дәлелдеп жүрсіздер. Бұл мереке- еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы мен экономикасының өркендеуіне шексіз үлес қосып келе жатқан Сіздердің еңбектеріңізді бағалайтын ерекше күн.

Ізденіс пен табандылықтарыңыз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жетістігі сіздерге мәңгі мақтаныш болсын!

Мерекелеріңіз құтты, еңбектеріңіз жемісті болсын!

#біздіңТжКБ

#РахметҰстаз

#нашеТиПО

26 қыркүйек 2025 ж. 4