ҚКТЖК » Жаңалықтар » «КИБЕРБУЛЛИНГ-ЗАМАНАУИ ҚАУІП»

«КИБЕРБУЛЛИНГ-ЗАМАНАУИ ҚАУІП»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ТСК-24/9  тобының жетекшісі   Л.Мұхашованың ұйымдастыруымен  «Кибербуллингтің рольдік құрылымы» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты-студенттерге кибербуллингтің не екенін, оның құрылымын және егер ол қатысушы болып шықса, қалай әрекет ету керектігін түсіндіру. Шара барысында ұйымдастырушы кибербуллингтің негізгі міндеттерін, оның түрлерін түсіну, оған қатысушылардың рольдерін қарастыру (агрессор, жәбірленуші, бақылаушы), студенттерді кибербуллинг жағдайында дұрыс әрекет етуге және өзін-өзі қорғауға, балаларды кибербуллинг жағдайында дұрыс әрекет етуге және өзін-өзі қорғауға үйретуге тоқталып, слайдтар көрсетіліп, олармен буллингке қарсы іс-әрекеттер орын алған жағдайда не істеу керектігін түсіндіріп, білім алушылар пікір алмасты.

#Қызылорда_Білім

#Адалазаматбіртұтастәрбие

#Заңжәнетәртіп


26 қыркүйек 2025 ж. 3