"ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП-ОРТАҚ МІНДЕТ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жатақхана студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі, зорлық-зомбылық, жол қауіпсіздігі, есірткі және бұзақылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында Қазалы АПб-нің бөлімшесінің УПИ-ры ЮПТ-нің полиция лейтенанты А.Казбековтің қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмыстары барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қауіпсіздік шаралары айтылды.








