АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ
Колледжде 2024-2025 оқу жылының қортындысы бойынша 1- курс білім алушылары арасында College SmartNation бағдарламасы арқылы аралық аттестаттау басталды. Ағымдағы жылдың 12-26 маусым аралығында өткізілетін Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, жалпы білім беретін Қазақ тілі (жазбаша), Орыс тілі және әдебиеті, Математика, Қазақстан тарихы, Физика пәндерінен (тест түрінде) аралық аттестаттау жүргізу жоспарланып, кесте жасалынып бекітілді.