БАЛАУСА БАҒЫМ, БАҚЫТ ПЕН ШАТТЫҚ ОРДАСЫ
Қазалы көлік техникалық жоғары колледжінде кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 1 маусым-балаларды қорғау күніне арналған
"Балауса бағым-бақыт пен шаттық ордасы" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараны колледж директорының міндетін атқарушы С. Нұралы ашып, балаларға бақытты балалық шақ тіледі.
Мерекелік шараны А. Қонақбаева жүргізді.
Шара барысында ертегі кейіпкерлері-аниматорлар балаларды ертегі әлеміне жетеледі. Бүлдіршіндермен қызықты сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.Балаларға түрлі ойыншықтар мен тәттілер таратылды