ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАРАСЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында О.Асқардың, Ә.Әлімжановтың туған күндері аясында шығармаларын насихаттау мақсатында «Атаулы күндер айлығы» айдарымен кітапхана сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты-оқырмандарға маңызды дата бойынша ақпарат беру, О. Асқардың, Ә.Әлімжановтың туған күндері аясында шығармаларын насихаттау.
Қазақ поэзиясына өзіндік жаңа леп әкелген ақынның бірі-Оразақын Асқар. Ол жаңа тақырыппен қатар, күллі қазақ халқына ой саларлық тамаша туындыларын жазды.
Шара барысында Оразақын Асқардың (1935-2019) шығармашылығына шолу жасалып, «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік тұрғыдан талданды.
Сонымен қатар, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романына шолу жасалды. Романда сонау 10 ғасырда өмір сүрген кемеңгер ғалым, заманында әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы надандық күмәнін сейілту үшін ең адамл, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген. Өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатқа құрбан еткен ғажайып ғалым Әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет. Бір халықтың ғана емес, барша жұрттың алдында білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған Әл-Фарабидің жарқын тұлғасы туралы романнан алар өнеге көп.