ҚКТЖК » Жаңалықтар » ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ -ӨНДІРІСТІҢ ӘЛЕУЕТТІК НЕГІЗІ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ -ӨНДІРІСТІҢ ӘЛЕУЕТТІК НЕГІЗІ

     Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің басшысы Р.Ізтілеу жұмысшы мамандықтар жылына орай, Қызылорда облыстық білім басқармасы Шиелі индустриялық-аграрлы колледжінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандығы – өндірістің әлеуеттік негізі» тақырыбында өткізілген облыстық семинарға қатысты. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен оқу-өндірістік жөніндегі орынбасарлары шара барысында колледждің материалдық-техникалық базасымен және «KAP Logistics» мекемесінде өндірістік тәжірибеден өтуші білім алушылардың жұмысымен танысты. «Бұрғылау қондырғысының машинисі» біліктілігін оқытуға арналған ЗИФ-1200 қондырғысының ашылу салтанатына қатысты.




21 май 2025 ж. 0