ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенттері И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжіндегі «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» атты жалпы білімдік пәндер апталығы аясында өткен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының І курс білім алушылары арасындағы облыстық олимпиадаға қатысып жүлделі оралды.
Олимпиада қорытындысы бойынша физика пәнінен ЛМК 24-9/1 тобының студенті Қуатбай Аманқос 1 орын ( жетекшісі Бисенова Мейрамкүл), математика пәнінен ЛМК 24-9/2 тобының студенті Амантай Дінислам 3 орын (жетекшісі Исаева Гульнур), химия пәнінен ПЭ 24-9 тобының студенті Жалел Мейіржан (жетекшісі Избан Нұрсұлу) сертификат иеленді. Жүлдегерлерді колледж басшысы Р. Ізтілеу құттықтады.
Студенттердің жетістіктері құтты болсын, алар асулары биік болсын!