«ЕСІРТКІ-ҚОҒАМ ДЕРТІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың олардың таралуы мен қолданылуына теріс көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Есірткі-қоғам дерті» тақырыбында түсіндірме сағаты болып өтті. Шара барысында Қазалы аудандық полиция бөлімінің Криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны А.Есмурзаев нашақорлық, есірткінің адам ағзасына тигізер әсері, болашақта оның зардаптары тимес үшін зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыннын ескертсе, колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева жас жеткіншектердің психикасына әсер ететін заттарды тұтынудың алдын алу, есірткінің зияндылығы туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.