5 КҮНДIК ОҚУ-ДАЛАЛЫҚ (ЛАГЕРЛІК) ЖИЫНЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығына сәйкес оқу-далалық (лагерлік) жиындарды өткізу туралы Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі №75 бұйрығы мен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының 2025 жылғы 23 сәуірдегі №57 «Оқу-далалық (лагерлік) жиындарды өткізу туралы» бұйрығына сәйкес сәуір айының 24-30 күндері I курс студенттерімен оқу-далалық (лагерлік) жиыны өткізілдi. Оқу-далалық (лагерлік) жиыны «Тактикалық дайындық» (14 сағат), «Қару-жарақ және әскери техника» (бейнеролик), «Атыс дайындығы» (6 сағат), «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары» (4 сағат), «Саптық дайындық» (4 сағат), «Әскери топография» (2 сағат) оқу бағдарламасына орай 5 күндік (30 сағат) жоспарына сәйкес АӘ және ТД пәнінің оқытушылары Д. Бозжiгiт пен М. Алиевтің ұйымдастыруымен өткізілді.