ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ КІТАП ДЕРЕККӨЗДЕРІНДЕ»

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ КІТАП ДЕРЕККӨЗДЕРІНДЕ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында білім алушылар арасында «Қазақстанның салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кітап дереккөздерінде» тақырыбында кітапхана квесті өткізілді. Шараның мақсаты-студенттерге Қазақстанның салт-дәстүрлері мен әдет-гұрыптарын үйрету, осы тақырыпта терең білім алуды қамтамасыз ету. Кітапханадағы дереккөздерден (кітаптар, мақалалар, энциклопедиялар) ақпарат табу арқылы тапсырмаларды орындау.

Квест 3 кезең бойынша өткізілді.

І кезең: Ұлттық тағам түрлерін кітап беттерінен тауып таныстыру.

ІІ кезең: «Тұрмыс салт дәстүрі»  тақырыпты қысқаша сипаттап беру тапсырмасы берілді. 

ІІІ кезең: «Ұлттық ойындар» қазақтың ұлттық ойындары туралы кітапты тауып, оларды сипаттап, әр команда бір ойынды ойнап көрсетуге мүмкіндік берілді. Кітапхана квесті қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімді арттыру мақсатында ұйымдастырылып, оқырмандарға түрлі тапсырмалар мен сұрақтар арқылы жаңа мәліметтер береді. Шараны ұйымдастырушы С.Сугурова  білім алушылармен бірігіп, кітапханадағы дереккөздерден ақпарат табу арқылы тапсырмаларды орындады.


30 сәуір 2025 ж. 0