«АТАУЛЫ КҮНДЕР АЙЛЫҒЫ» КІТАПХАНА САҒАТЫ.
Қазалы көлік техникалық жоғары колледжі кітапханасында балалар жазушысы С.Сарғасқаев, С.Мұқанов, Ғ.Қабышұлы, С.Бақбергеновтің туған күндері аясында шығармаларын насихаттау мақсатында «Атаулы күндер айлығы» кітапхана сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-оқырмандарға маңызды тарихи және мәдени оқиғалар туралы ақпарат беру, қоғамды белгілі бір тақырыптар немесе маңызды дата бойынша ақпараттандыру және жоғарыдағы балалар жазушысының шығармаларын насихаттау. Шара барысында С.Сарғасқаевтың (1925-1995) шығармашылығына шолу жасалып, жазушының басты туындылары туралы презентация оқырмандар назарына ұсынылды. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық жазушысы, С.Мұқановтың туғанына 125 жылдығына орай «Сұлу сөздің сардары-Сәбит» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Білім алушыларға Ғ.Қабышұлының әдеби мұрасы мен шығармашылық жолы, маңыздылығы, оның болашақ ұрпақ үшін құндылығы туралы ақпарат берілді.