“БІРГЕ КІТАП ОҚИМЫЗ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай "Бірге кітап оқимыз" сағаты ұйымдастырылды. Руханият пен білімнің бастауы, адамзат ақыл-ойының алтын қазынасы саналатын кітапты ұлықтайтын күн! Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір-Ұлттық кітап күні» бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
«Кітапқұмарлық-жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз»,-деді Президент Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында сөйлеген сөзінде.
Кітап-тәрбие құралы, рухани байлықтың көзі, ой-сананың шамшырағы.
Баршаңызды 23 сәуір-Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймыз!