ҚКТЖК » Жаңалықтар » “АБАЙ МҰРАСЫ-АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ”

“АБАЙ МҰРАСЫ-АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Атаулы күндер» айлығы аясында Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай мұрасы-адамзат қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Осыған орай, «Абай әлемі -мәңгілік мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Көрменің мақсаты-Абай мұрасын насихаттау. Оқырмандарды қазақ әдебиетінің терең мұраларымен таныстыру және жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Көрмеге:

* Абайдың шығармалары -өлеңдер жинағы, қара сөздері, поэмалары;

* Зерттеу еңбектері-ғалымдар мен әдебиеттанушылардың Абай туралы еңбектері;

* Абай шығармаларының аудармалары;

* Иллюстрациялық материалдар-Абайдың портреттері, фотосуреттері;

* Абайтану-Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер койылды.


22 сәуір 2025 ж. 0