ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ»

«ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ-АБАЙ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде колледж кітапханашысы С.Сугурованың ұйымдастыруымен А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлылардың ұлысы-Абай» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Шараның мақсаты-Абайдың өнегелі өмірі мен шығармашылығын ұрпақтың бойына сіңіру, білім алушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Шара барысында  І, ІІ курс студенттері Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан жарысты. Сайыс нәтижесінде ЛМК-24/9-2 тобының студенті Амантаев Дінислам І орын, ЛМК-24/9-2 тобының студенті Қазбек Нұрислам ІІ орын, ТСК-24/9 тобының студенті Жүсіп Арайлым  ІІІ орын иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.




17 сәуір 2025 ж. 0