«КӘСІБИ БІЛІМ-ШЫНАЙЫ КӘСІПКЕ ЖОЛ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және колледжішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 2025-2026 жаңа оқу жылына талапкерлер қабылдау, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып, Лахалы ауылындағы №93 мектеп және Тасарық ауылындағы №238 мектептің 9 сынып оқушылары оқу орнына келіп, материалдық-техникалық базасымен танысты. Ашық есік күні аясында оқушылар «Жас маман» жобасы аясында «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Локомотивті жөндеу жөніндегі слесары», «Вагон жөндеу слесары», «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесары» біліктіліктері бойынша алынған оқу кабинеттеріндегі құрал-жабдықтармен танысты.