ҚКТЖК » Жаңалықтар » «БІР КҮН-БІР ТАРИХ» АУДАНДЫҚ МОБИЛОГРАФТАР БАЙҚАУЫ

«БІР КҮН-БІР ТАРИХ» АУДАНДЫҚ МОБИЛОГРАФТАР БАЙҚАУЫ

          Қазалы аграрлы техникалық колледжінде «Ақпараттық технологиялар» бірлестігінің «САНДЫҚ ДӘУІРГЕ САЯХАТ» атты пән апталығының іс-шара жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім алушыларының арасында «БІР КҮН-БІР ТАРИХ» аудандық мобилографтар байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты-«Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында жұмысшы беделін арттырып, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мобильді құрылғылар арқылы фото және видео түсіру дағдыларын жетілдіру, олардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға ынталандыру. Байқау қорытындысымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ТСК-24/9 тобының І курс студенті Мұсағалиев Арыстан Арманұлы /жетекшісі-Копболсынов Дастан Бибосынұлы/ жүлделі І орынды иеленді. Колледж әкімшілігі атынан жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

09 сәуір 2025 ж. 1