АВАРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ ОҚЫС ОҚИҒАЛАР БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қазалы ауданы әкімінің 2025 жылғы 17 қаңтарда бекітілген «Қазалы ауданының аумағында азаматтық қорғау саласында және төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу» іс-жоспарына сәйкес авариялық жағдайлар және оқыс оқиғалар бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты-авариялық жағдайлар мен оқыс оқиғалар кезіндегі әрекет ету дағдыларын жетілдіру. Шара барысында дабыл беру жүйесі арқылы оқу-жаттығу бойынша студенттер мен оқытушылар белгіленген эвакуациялық бағыттар бойынша колледж ғимаратынан шығып, апаттық жағдайға арналған рөлдік тапсырмалар орындады. Сонымен бірге, қауіпсіздік шаралары мен алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулықтар жүргізді. Нәтижесінде, барлық колледждiң қызметкерлері мен бiлiм алушылары қауiпсiз аймаққа көшiрiлдi.