«ҚҰРАМЫНДА ОТТЕГІ БАР ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ БІЛУ. СПИРТТЕР БІРАТОМДЫ, КӨПАТОМДЫ. СПИРТТЕРДІҢ СУДАҒЫ ЕРІГІШТІГІ, ЖАНУЫ, БІР АТОМДЫ ЖӘНЕ КӨПАТОМДЫ СПИРТТЕРГЕ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде оқу-әдістемелік жоспарға сәйкес химия пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Н.Избан «Құрамында оттегі бар органикалық қосылыстарды білу. Спирттер біратомды, көпатомды. Спирттердің судағы ерігіштігі, жануы, бір атомды және көпатомды спирттерге сапалық реакциялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырып аясында толық мәлімет беріліп, студенттердің білім деңгейі анықталды. Үлгіліі ұстаз сабақ құрылымы бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге ала отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тақырып аясында адам өміріне пайдалы және кері әсерін, мысал ретінде қарастырып, сабақ соңында жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. Сабақты талдау барысында Н.Айтенқызының ашық сабағы әріптестер тарапынан оң бағаға ие болып, облыс көлемінде насихаттауға ұсынылды.