РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
10-11 сәуір күндері Қарағанды облысы білім басқармасы және «Қарағанды теміржол колледжінің» ұйымдастыруымен «Локомотив машинисінің көмекшісі» біліктілігі бойынша «Lokomotive driving skill» республикалық шеберлік конкурсы өткізілді. Конкурсқа 22 білім алушы қатысты.Екі күнге созылған бәсекеде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ЛЖС-23/9 тобының ІІ курс студенті Лепес Аслан Бөкенбайұлы жүлделі ІІ орынды иемденіп, кубок иегері атанды.Жетекшісі арнайы пән оқытушысы Байтілесов Рахымғали. Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Г.Жугунусова колледж директорының м.а. Ізтілеу Рахметулла Жәдігерұлына республикалық шеберлік конкурсына қосқан үлесі үшін Алғыс хат жолдады. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!