ҚКТЖК » Жаңалықтар » «МЕНІҢ ӨМІРІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

«МЕНІҢ ӨМІРІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде педагог-психолог Т.Ағымның ұйымдастыруымен «Менің өмірімнің құндылықтары» атты дәріс сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-студенттерге өмірлік құндылықтарын анықтап, олардың өміріндегі маңызды аспектілерді бағалауға мүмкіндік беру. Шараға Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы М.Шахар қатысып, жастардың өміріндегі құндылықтардың маңыздылығына ерекше назар аударып, өмірлік құндылықтарды дұрыс дәріптеу үшін қажетті қадамдармен таныстырды. Шара барысында директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева жас жеткіншектерге өз өмірлерін саналы түрде бағалауды, өз таңдауларын жауапкершілікпен жасау қажеттілігін түсіндірді. Дәрісті қорытындылаған Т.Ағым тренинг ұйымдастырып, студенттерге өмірлік құндылықтарға бағытталған көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, зиянды әдеттер мен мінез-құлықтардан бас тарту, рухани және психологиялық тұрғыдан өсу мәселелерін  қозғап, көрініс арқылы студенттермен  рефлексия жүргізіп, тақырып аясында алған білімдерін қорытындылады.


11 сәуір 2025 ж. 0