«СЕН ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында білім алушылардың құқықтық білімін көтеру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында ТСК-24/9 тобында ұйымдастыруымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Топ жетекшісі Л.Мұхашева бүгінгі таңдағы жиі орын алып отырған құқық бұзушылықтарға қысқаша сипаттама беріп, заң білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтындығы туралы айта келе, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары туралы ой қозғады. Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, алаяқтық, ұрлық, нашақорлықтан сақтану туралы ақпараттар берілумен қатар, кеңестер берілді.