Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
Колледжімізге қыркүйек айының 19 күні Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарында (мектеп, колледж) балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алуды түсіндіру бағытындағы бірлескен тобы келіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Топ құрамында Қызылорда облыстық білім басқармасы, тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің бас маманы Байғазиева Шолпан Есенжолқызы, Аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Б.Қожамуратов, Аудандық жастар ресурстық ортылығынан Г.Ахмет бар.