ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ»

«ЛУДОМАНИЯ-ҚОҒАМНЫҢ ДЕРТІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Саналы ұрпақ» азаматтық  клубы мен жастар ұйымының жетекшісі Д.Бозжігіттің ұйымдастыруымен «Лудомания-болашақтың дерті» тақырыбымен «Теміржолшы» пікірсайыс  клубының белсенді қатысушылары арасында дебат турнирі өткізілді. Шараның мақсаты-студенттік дебат қозғалысын дамыту, білім алушылардың ораторлық, ұйымдастырушылық және критикалық ойлауды дамыта отырып, еліне елеулі қызмет ететін болашақ лидерлерді дайындау, елдегі өзекті жағдайларды талдау және талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Шараның қорытындысы бойынша үздік қатысушылар анықталып, ЛМК-24/9-2 тобының І курс студенті Нұрлан Ерғұлан «Үздік спикер», Қазыбек Нұрислам «Үздік оратор» номинациясы бойынша марапатталды.



05 наурыз 2025 ж. 1