ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН-110 ЖАСТА»

«ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН-110 ЖАСТА»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында  Қазақ СРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, ақын Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай ТСК-24/9 тобында топ жетекшісі Л.Мұхашеваның ұйымдастыруымен «І.Есенберлин-110жаста» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты-студенттерге жазушының шығармашылығын таныстыру, насихаттау, шығармалары арқылы жастардың отансүйгіштік рухын ояту болып табылады. Шара барысында топ студенттері жазушыға арналған ел ағаларының бағаларымен және жазушының шығармаларымен және І.Есенберлин шығармалары туралы қолжазбалар қорыменымен танысты.




20 ақпан 2025 ж. 0