“2024 ЖЫЛЫ ӨЗІМ ОҚЫҒАН ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ КІТАП”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға кұштар колледж» іс-шаралар жоспарына сәйкес «2024 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап» такырыбы бойынша бук-слэм өткізілді.
Мақсаты-кітапқа деген қызығушылықты дамыту, әр адамның өміріндегі кітаптың маңыздылығын жеткізу және оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру. Шараға қатысушылар 2024 жылы оқылған қызықты кітаптарының мазмұнды жерлерін назарға алып, қысқа мерзім ішінде жарнама жасады. Іс-шара соңында барлық «қатысушы кітаптар» сөреге койылып, көпшілік оқырман қауым назарына ұсынылды.