«ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі кітапханасында «Оқуға кұштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты-қазақ мемлекетінің ғасырлық қалыптасу тарихын көрсету, ата-бабамыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау. Кітап көрмесіне Ж.Рахматтулланың «Тәуелсіздік толғауы», Қазақстан және әлем елдері, Н.Назарбаевтың «Қызмет хроникасы», «Тамыры терең, тарихы кенен-Қазалы», «Жүз жылға татитын он жыл» т.б. кітаптары мен «Тәуелсіздіктің ақ таңымен бірге Казақстанға 25 жыл» энциклопедиялық кітабы, Мемлекет басшысы Қ.Кемелұлының Жолдауы, мерзімді басылымдар мен фото-суреттер жинағы қойылды. «Тәуелсіздік-қазақтың қарт тарихы куә болатын ұлтымыздың арман-аңсарының іске асқан дәуірі» деп Мемлекет басшысы айтқандай, оқырмандар қауымын құнды әдебиеттерден ұйымдастырылған көрмемен танысуға шақырамыз!