ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР»

«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенттері Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 2024-2025 жылдарға арналған  жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен есірткі, лудомания, вейп темекі мен интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатындағы бірлескен қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес «Өз көзіңмен көр» шарасы аясында Қазалы аудандық полиция бөлімшесінде болып, дәріс тыңдап қайтты. Дәрістің мақсаты-студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттердің алдын алуға тәрбиелеу және оларды жаман әдеттерден сақтандыру, жағымсыз іс-әрекеттерден барынша аулақ болуға шақыру. Шара барысында Қазалы аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция  майоры М.Бегалиева колледж білім алушыларына әкімшілік құқық бұзушылық жасамау, қоғамдық орында ұсақ бұзақылық, тыйым салынған заттарды ұстамау, топтық төбелестерге қатыспауды және болашақ өз қолында екенін айтып өтіп, заң бұзушылықтарға бармауды шақырды.


12 желтоқсан 2024 ж. 0