«ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес студенттермен «Қоғамжәне жастар» тақырыбында түсіндірме сағаты болып өтті.
Шараның мақсаты-білім алушылармен топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, жастар арасындағы бопсалау мен әлімжеттік көрсету, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Шара барысында Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Ж.Өткелбаев пен Б.Еркінов пен Қазалы АПБ-нің КПб-нің жедел уәкілі Қ.Тағыбергендер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.