ҚКТЖК » Жаңалықтар » «НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІР АЙЛЫҚ» АКЦИЯСЫ

«НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІР АЙЛЫҚ» АКЦИЯСЫ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Нашақорлыққа қарсы бір айлық» акциясы аясында облыс әкімі Н.Нәлібаев пен Қызылорда облысы прокуратурасының 2024 жылғы 31 қазандағы «Нашақорлыққа жол жоқ» атты кеңейтілген отырысының шешімі және Қызылорда облысы білім басқармасының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелет жасына толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған танымдық-тәрбиелік  іс-шаралар арқылы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Нашақорлықтың адам ағзасына зияны» тақырыбында психолог сағаты өткізілді.  Шараның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттай отырып, білім алушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, денсаулықтың қадірін түсініп, сақтай білуге тәрбиелеу. Сағатты ұйымдастырушы педагог-психолог А.Таңжанов нашақорлық, есірткі, ішімдік және темекінің ағзаға тигізер әсері, болашақта оның зардаптары тимес үшін зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратыннын ескертіп, білім алушыларға түрлі видео, слайдтар көрсетіп, студенттермен ой алмасу өткізді.


26 қараша 2024 ж. 0