ҚКТЖК » Жаңалықтар » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі көшпелі комиссия отырысы болып өтті. Шараның мақсаты-білім алушылармен топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Отырысқа комиссия төрағасы, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Жолтаев, Қазалы АПб-і бастығының орынбасары Ғ.Құрманалиев, Қазалы   аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Н.Ақпанбетов, колледжішілік ата-аналар комитеті және оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында Қазалы АПб-і бастығының орынбасары Ғ.Құрманалиев пен колледж директоры Б.Ахметовтің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар» туралы хабарламасы қаперге алынып, ата-аналармен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында студенттер арасында «Позитивті апталықтар» аясында спорттық сайыстар мен дебаттар ұйымдастыру тапсырылды.


26 қараша 2024 ж. 0