СПИД-ҒАСЫР ІНДЕТІ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Спид-ғасыр індеті» атты денсаулық саласы мамандарының қатысуымен дәріс сағаты болып өтті. Дәрістің мақсаты-студенттерге аурудың алдын алу және оларды жаман әдеттерден сақтандыру, жағымсыз іс-әрекеттерден барынша аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтына бағыттау, тақырып аясында акпаратпен толық қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Шара барысында облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінің Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы филиалы меңгерушісі, дәрігер-эпидемиолог З.Жолдыбаева мен «Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК «Болат жолы» ДА аймақтық дәрігері Ж.Алдабергенова жыныстық жолмен берілетін аурулардың жұғу жолдары, алдын алу және денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде презентация көрсетіліп, лифлеттер таратты. Кешті директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, білім алушы жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қашық болуға шақырды.