«НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІР АЙЛЫҚ» АКЦИЯСЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Нашақорлыққа қарсы бір айлық» акциясы аясында облыс әкімі Н.Нәлібаев пен Қызылорда облысы прокуратурасының 2024 жылғы 31 қазандағы «Нашақорлыққа жол жоқ» атты кеңейтілген отырысының шешімі және Қызылорда облысы білім басқармасының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында нашақорлық пен есірткінің зияны, оның алдын алу туралы білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта «Саналы ұрпақ» ұйымының жетекшісі Г.Досекееваның ұйымдастыруымен таным сағаты болып өтті. Кеш барысында білім алушылар тақырып аясында пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.