ҚКТЖК » Жаңалықтар » «КӨРКЕМ МІНЕЗ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ. ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ-ТАБЫСТЫ ТҰЛҒАНЫҢ НЕГІЗІ»

«КӨРКЕМ МІНЕЗ-БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ. ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ-ТАБЫСТЫ ТҰЛҒАНЫҢ НЕГІЗІ»

Қазалы  көлік-техникалық жоғары колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ТСК-24/9 тобы студенттерінің ата-аналарымен  «Көркем мінез-баға жетпес байлық. Эмоционалды  интеллект-табысты тұлғаның негізі» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті.  Дәріс сағатының мақсаты- ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту,  позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Шара барысында директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева «Көркем мінез-баға жетпес байлық» тақырыбында презентациялық жұмыстар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге, «Эмоционалды интеллект-табысты тұлғаның негізі» аясында ата-аналармен «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында пікірталас өткізді  және «Өсіп келе жатқан балалармен қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында колледж  психологы А.Таңжанов әңгімелесу ұйымдастырды.



01 қараша 2024 ж. 0