«BOOK TIME-2024»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы»,"Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында 21 қазан күні «BOOK TIME-2024» тақырыбында арнайы пән оқытушылары арасында сайыс өтті.
Мақсаты: кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, оқырмандардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Сайысқа 5кезең бойынша арнайы пән оқытушыларынан құралған «Руханият» және «Болашақ» тобы қатысты:
1- кезең. «Білім көзі- кітапта» қатысушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы бойынша сұрақтарға жауап берді
2- кезең . «Мақал- сөздің мәйегі». Мақалдардық жалғасын табу.
3-кезең. «Көңілді тапқырлар» қатысушылар ұяшық таңдайды
4- кезең . «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы бойынша бір оқиғаны мазмұндап айтып беру.
5-кезең «Өзіңді тексер» оқылған кітап аясында сөзжұмбақ құрастыру
Сайысты директордың оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары А.Ахметова қорытындылап жеңіске жеткен «Руханият» тобын Алғыс хатпен марапаттады