«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі» тақырыбында колледж мейіркеші А.Айманның ұйымдастыруымен дәріс сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу және оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету. Дәріс сағаты кезінде білім алушыларға түрлі видео, слайдтар көрсетіліп, сұрақтар қойылды және студенттермен ой алмасу болды. Шараға директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қатысып, тақырып төңірегінде ой өрбітті.