«АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ-ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ НЕГІЗІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ІІ курс студенттерінің ата-аналарымен «Адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу-тұлға қалыптасуының негізі» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті. «Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады» деп мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айтқандай, шара барысында «бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылық, ұлттық тіл, ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық діл, бабалар ерлігі мәнін ашатын тәрбие сағаттарының үлгісі, өнеге сағаттарында пайдалануға болатын қызықты деректер» туралы ақпарат берілді. Дәріс сағатында колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізіп, «Позитивті ата-ана тәрбиесі-білім алушының өз болашағын өз бетінше құруға қалауы мен қабілетін қолдау» тақырыбында додакаэдр әдісі арқылы ақпараттар беріп, тақырыпты ашу жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар тақырып аясында өз пікірлерін білдіріп, сауалнамаларға жауап берді.