ҚКТЖК » Жаңалықтар » «НАШАҚОРЛЫҚ-ҒАСЫР ДЕРТІ»

«НАШАҚОРЛЫҚ-ҒАСЫР ДЕРТІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде есірткі мен нашақорлықтың алдын алу профилактикалық шараларының бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес  ВТЭ-23/9 тобының жетекшісі Г.Ақтлеуованың ұйымдастыруымен «Нашақорлық-ғасыр дерті» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты-жасөспірімдер мен жастар арасында психикаға белсенді әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі, алкогольдік өнім және есірткінің зияндығы туралы  ақпараттармен бөлісу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Шара барысында студенттерге жасөпiрiмдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудың зияны туралы айтып, жас жеткіншектердің психикасына әсер ететін  заттарды тұтынудың алдын алу, темекі және есірткінің зияндығы туралы бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.



10 қазан 2024 ж. 1